Осыған қатысты іс Өскемен қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сотында қаралды.
Оқиға 15 наурыз күні Нұрмағамбетов көшесімен жүріп келе жатқан қоғамдық көлікте болған.
— Автобуста А. есімді азамат М.-ға балағат сөздер айтқан. Әкімшілік құқық бұзушылық фактісі полиция инспекторларының рапорты мен түсініктемелері, бейнежазба, куәгерлердің айғақтары және іс материалдары арқылы толық дәлелденді, — деп хабарлады соттан.
Сот шешімімен ер адам кінәлі деп танылып, оған 60 550 теңге көлемінде айыппұл салынды. Қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ.

