Шығыс Қазақстанда су тасқыны қаупі бар учаскелерге әуеден барлау жүргізілді

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша қазіргі су тасқыны жағдайын бағалау мақсатында Үлкен-Нарын, Марқакөл, Зайсан және Тарбағатай аудандарының аумақтарына әуеден шолу жүргізілді.
— Зерттеу нәтижелері бойынша өңір аумағының шамамен 85%-ын қар жамылғысы алып жатқаны анықталды. Төменгі және оңтүстік аудандарда қар жамылғысы жоқ, қардың негізгі қоры таулы аймақтарда шоғырланған. Әуеден шолу барысында Марқакөл ауданындағы Орта-Теректі су қоймасының бөгеті тексерілді. Онда төтенше жағдайдың туындау қаупі байқалмайды, — делінген ақпаратта.
Сонымен қатар Қандысу су қоймасы тексерілді. Қазіргі уақытта су қоймайы транзиттік режимде жұмыс істеп, онда су жинақтау жүргізілмейді.
— Жалпы тексерілген аудандар бойынша су тасқыны жағдайы тұрақты. Гидробекеттердегі су деңгейі қауіпті межеден төмен. Судың өзен арналарынан асу фактілері тіркелген жоқ, — деді ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Амангелді Енсегенов.

Новые статьи

Казахстан призвал поддержать инициативу «Зеленый щит Центральной Азии» на COP17

Вице-министр сельского хозяйства Назгуль Хатепова и председатель КУЗР МСХ РК Мурат Темиржанов приняли участие в Министерском диалоге в рамках Сегмента высокого уровня 17-й сессии...

В области Абай из Шульбинского водохранилища изъяли две тысячи метров браконьерских сетей

В области Абай продолжаются рейдовые мероприятия по охране водных биоресурсов и пресечению незаконного рыболовства. 24 августа сотрудники Бородулихинского районного отдела полиции в рамках оперативно-профилактического мероприятия...

Риддерде аюдан зардап шеккен ер адам ауруханада үш аптадай жатты

Оқиға 29 шілдеде болған. Ер адам Риддер қалалық ауруханасының травматология бөліміне ауыр жағдайда жеткізілген. Қалалық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Ардагүл Байысбаеваның айтуынша, аю ер адамның...

В Восточном Казахстане на покупку iPhone придется потратить 2,3 зарплаты

Доступность iPhone в Казахстане заметно различается в зависимости от региона. В Восточно-Казахстанской области стоимость смартфона соответствует примерно 2,3 среднемесячной зарплаты на руки. Для внутреннего сравнения...