ШҚО-да «Алтайым – алтын бесігім» атты республикалық командалық айтыс өтіп жатыр

Облыстық филармония залында басталған айтыста Шығыс Қазақстан және Қарағанды өңірлерінің ақындары мен дәстүрлі өнерпаздары қатысуда. Ашылу салтанатында сөз алған аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов айтыс — ұлттың жаны, төл өнердің ұлы көші екенін жеткізді.

— Айтыс десе көз алдымызда қазыналы қазақ халқының ұлттық болмысы, салт-санасы, сан ғасырлық мәдениеті елестейді. Былтыр ашылған Ақтан Нұрбаев атындағы облыстық ақындар мектебі өнерге ынтасы бар талай жастың қанатын қатайтып, талабын шындап, топқа қосып келеді. Жыл сайын Шығыста республикалық, халықаралық екі айтысты дәстүрлі түрде өткізіп отыруды жолға қойдық, — деді облыс әкімі.

Қатысушыларға сәттілік тілеген Нұрымбет Сақтағанов айтысты тамашалауға келген қалың елмен бірге орындыққа жайғасты.

Командада 10 адамнан қатысып жатыр. Олар айтысып қана қоймай, терме, жыр және халық әндерін орындап, күмбірлетіп күй де шертеді.

Бұл ерекше форматтағы жоба 2024 жылдан бері «AMANAT» партиясының бастамасымен жүзеге асып келеді. Жобаның авторы — ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Аманжол Әлтай. Жобаның барлық кезеңіне төрелік етіп келе жатқан — айтыс өнерінің абызы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман.

Новые статьи

В селе Самсоновка открылся новый комьюнити-центр

В селе Самсоновка Усть-Каменогорска открылся новый комьюнити-центр. Бывший магазин на улице Шоссейной, 13 реконструировали под административное здание и дополнили пристройкой. Объект ввели в эксплуатацию...

В Усть-Каменогорске в микрорайоне Ульбинский обустроили новое общественное пространство

В микрорайоне Ульбинский по улице Носикова в Усть-Каменогорске завершены основные работы по благоустройству общественного пространства. Объект посетил аким Восточно-Казахстанской области Нурымбет Сактаганов. Проект реализовали летом....

В Усть-Каменогорске открылся детский сад на 260 мест

В микрорайоне Нұрлы жол открылся новый детский сад «Family Island-3», рассчитанный на 260 детей. В торжественном открытии дошкольной организации принял участие аким Восточно-Казахстанской области...

В Усть-Каменогорске открылся «Ретро-музей» с коллекцией техники прошлого века

В парке «Левобережный» областного архитектурно-этнографического и природно-ландшафтного музея-заповедника Усть-Каменогорска состоялось открытие «Ретро-музея». В церемонии принял участие аким Восточно-Казахстанской области Нурымбет Сактаганов. Главной частью экспозиции стала...