Халықаралық фестивальдер, республикалық айтыстар: ШҚО-да биыл ауқымды шаралар өтеді

Шығыс Қазақстан облысында «AMANAT» партиясы жанындағы «Miras» республикалық кеңесінің көшпелі отырысы өтті. Оған аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов, аталған кеңес төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Аманжол Әлтай, партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Жанат Мекеева, өңірлік кеңес мүшелері, мәдениет, білім және туризм саласының өкілдері қатысты. Күн тәртібінде аймақтық кеңес жұмысының нәтижелері, мәдени саясатты дамыту бағыттары және туризм әлеуетін арттыру мәселелері қаралды.

«Біз үшін «Miras» республикалық кеңесінің көшпелі отырысын қабылдау — мемлекет, қоғам және сарапшылар қауымдастығы өкілдерін біріктіріп, мәдениет, рухани даму және қоғамдық келісімді нығайту салаларындағы маңызды міндеттерді шешуге бағытталған беделді диалог алаңы ретінде үлкен мәртебе. Шығыс Қазақстанда мәдени инфрақұрылым жүйелі түрде дамып, талантты жастардың әлеуетін ашуға жағдай жасалып келеді. Облыстағы театрлар, музейлер, кітапханалар мен мәдениет үйлері халыққа сапалы қызмет көрсетіп, ұлттық құндылықтарды кеңінен насихаттауда», — деді Нұрымбет Сақтағанов.

Облыс әкімінің айтуынша, өңірде мәдени мекемелердің материалдық-техникалық базасы нығайып, заманауи форматтағы мәдени іс-шаралар көбейіп, тұрғындардың мәдени өмірге белсенді қатысуына кең мүмкіндік берілуде.

Шығыс Қазақстан туризм орталығы ретінде өз позициясын сенімді түрде нығайтып келеді. Алтай, Марқакөл, Катонқарағай, Зайсан, Бұқтырма — тек қазақстандықтар үшін ғана емес, шетелдік қонақтар үшін де тартымды бағыттарға айналып отыр.

Отырыс барысында Жанат Мекеева өңірлік «Miras» кеңесінің атқарған жұмыстары жөніндегі баяндама жасады. Ал ШҚО мәдениет басқармасының басшысы Самат Қасенов соңғы бір жылда ұйымдастырылған шаралар туралы айтып берді.

«Алғаш рет ұйымдастырылған «Бұқтырма балықшысы – 2025» фестивалі дәстүрлі балықшылар мәдениетін ұлттық құндылықтармен ұштастырып, қысқы туризмнің дамуына серпін берді. Өңірдегі ең ірі мәдени оқиғалардың бірі — Катонқарағай ауданында өткен «Алтай — түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалі болды. Фестиваль түркі халықтарының ортақ тарихи тамырлары мен рухани бірлігін дәріптеуге, Шығыс Қазақстанның халықаралық имиджі мен туристік тартымдылығын арттыруға ықпал етті. Бүркітшілік өнерін насихаттауға бағытталған «Шығыс Салбурыны» халықаралық фестивалі ұйымдастырылып, шараға 140-тан астам бүркітші қатысты. Қысқы туризмді дамытуға арналған «Аяз ата, Ақшақар – 2025» халықаралық фестивалі өңір тұрғындары мен қонақтарына мерекелік атмосфера сыйлады», — деді ол.

2026 жылға жыр, терме, күй және айтыс бағыттары бойынша бірқатар ауқымды мәдени іс-шара жоспарланған. Олардың қатарында халықаралық фестивальдер, республикалық деңгейдегі айтыстар және ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға арналған арнайы мәдени жобалар бар.

Соның бір айқын дәлелі — облыста алғаш рет ұйымдастырылып отырған, бүгін өтетін «Алтайым алтын – бесігім» командалық айтысы. Ал 10-11 шілде күндері өңірдің халықаралық деңгейде танылуына ықпал ететін негізгі жоба — «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық музыкалық фестивалі өткізілмек.

Новые статьи

В ВКО за четыре дня выявили более 1,3 тысячи нарушений

В Восточно-Казахстанской области подвели итоги республиканского оперативно-профилактического мероприятия «Правопорядок», которое проходило с 18 по 21 августа. За это время полицейские пресекли 1 319 административных...

В Казахстане внедряют дорожные лаборатории с искусственным интеллектом

В Казахстане внедряют передвижные дорожные лаборатории с технологиями искусственного интеллекта для комплексной оценки состояния транспортной инфраструктуры и повышения безопасности движения. Как сообщил ведущий специалист АО...

С 1 сентября в Казахстане введут обязательную маркировку БАДов

С 1 сентября 2026 года в Казахстане станет обязательной цифровая маркировка биологически активных добавок. Все БАДы, произведенные или ввезенные в страну после этой даты,...

В Казахстане ускорят внедрение ИИ в транспортной отрасли

Премьер-министр Олжас Бектенов ознакомился с цифровыми решениями, которые внедряются в транспортной отрасли Казахстана. В ситуационном центре министерства транспорта ему представили разработки для автомобильных дорог,...