ШҚО-да балалар мен жасөспірімдер арасында хоккейден турнир басталды

Бүгін Өскемендегі Б.Александров атындағы Спорт сарайында Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандарының
балалар мен жасөспірімдер командалары арасындағы шайбалы хоккейден «Алтын шайба» турнирінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Оған аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов қатысты.

«Хоккей — біздің өңірдің мақтанышы. Дәл осы жерде талай мықты спортшыларды тәрбиелеген атақты «Торпедо» клубы құрылған.
Жуырда ғана жас хоккейшілеріміз Канадада өткен халықаралық турнирде Қазақстанның намысын абыроймен қорғап қайтқан болатын. Олардың қатарында «Торпедо» командасының ойыншылары да болды. Бұл баршамыз үшін зор мақтаныш! Бүгінгі жарысқа қатысып жатқан командаларға сәттілік, әдемі ойын мен жарқын эмоциялар тілеймін!», — деді облыс әкімі.

«Алтын шайба» турнирінің мақсаты — өңір бойынша шайбалы хоккейді насихаттау, мамандандырылған спорт мектептеріне жас талантты хоккейшілерді іріктеу. Турнирге 2015-2016 жылғы ұлдар қатысып жатыр.

Екі күнге созылатын дода қорытындысы бойынша жүлделі орын алған командалар естелік кубоктармен, дипломдармен және медальдармен марапатталады.

Новые статьи

В РК изменились правила господдержки для улучшения жилищных условий

В Казахстане внесли изменения в правила реализации мер государственной поддержки, направленных на улучшение жилищных условий граждан. Согласно дополнению, не менее 50% общего объема жилья из...

Доля ВИЭ в энергобалансе Казахстана за шесть лет выросла в четыре раза

Доля электроэнергии, вырабатываемой объектами возобновляемых источников энергии, в энергобалансе Казахстана за последние шесть лет увеличилась с 2% до 8%. Рост обеспечили развитие аукционного отбора проектов...

За шесть лет доступ к газу получили еще четыре млн казахстанцев

За последние шесть лет уровень газификации Казахстана вырос с 51% до 64,2%. За этот период доступ к природному газу получили около 4 млн жителей...

В Казахстане заготовили 27,9 млн тонн кормов

В регионах Казахстана продолжается кормозаготовительная кампания. По оперативным данным акиматов, сельхозтоваропроизводители уже подготовили 27,9 млн тонн кормов всех видов, или 67% от запланированного объема...