ШҚО-да мұз кептелісінің алдын алу үшін жарылыс жұмыстары жүргізілді

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жарылыс жұмыстары Шемонаиха ауданының Убинка ауылы маңында жүргізілді.
— Профилактикалық жарылыс Үбе өзенінде жасалды. Соның нәтижесінде жалпы көлемі 12 000 шаршы метр мұз ұсақталды. Бұл мұздың кептелуінің алдын алуға және өзеннің су өткізу қабілетін жақсартуға мүмкіндік берді. Шығыс Қазақстандағы өзендерге тәулік бойғы мониторинг жүргізіліп келеді, — деп хабарлады ведомство өкілдері.
Жалпы облыста 8,5 мың адам тұратын 71 елді мекенде су тасқыны қаупі бар.
Жол карталары, инженерлік жұмыстар жоспары және басқа да бағдарламалар шеңберінде жүргізілген су тасқынына қарсы іс-шаралардың нәтижесінде 16 елді мекенде су басу қаупі жойылды, 50 ауылда азайтылды, 5 елді мекенде әлі сақталып отыр.

Новые статьи

В ВКО и еще семи регионах Казахстана ожидаются снег и гололед

В ночные и утренние часы в Восточно-Казахстанской, Акмолинской, Алматинской, Павлодарской, Карагандинской и Северо-Казахстанской областях, а также в областях Абай и Жетысу прогнозируются дождь со...

ШҚО-дағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологтар Ново-Березов кен орнындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтады. ШҚО Экология департаментінің мамандары табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен Dengbo Success Minerals LTD компаниясына қатысты жоспардан...

В ВКО открыли бесплатную IT-школу с программой обучения на 18 месяцев

В Восточно-Казахстанской области расширяют возможности бесплатного обучения программированию и искусственному интеллекту. Жители от 15 лет могут освоить IT-навыки независимо от предыдущего опыта, а начинающие...

С 21 декабря в Казахстане изменится порядок подтверждения обязательств по утилизации отходов

Производители и импортеры, которые самостоятельно организуют сбор и переработку отходов, будут подавать документы непосредственно оператору расширенных обязательств производителей (РОП). Ранее заявления направляли в уполномоченный...