Шығыс Қазақстанда аусылға қарсы ауқымды вакцинация басталды

Шығыс Қазақстан облысында ветеринариялық қызметтер наурыз айында төрт түліктің бірнеше түрін қатар қамтитын вакцинация жүргізуді бастады. Атап айтқанда, 330 мыңнан астам ірі қараға, 500 мыңнан астам қой-ешкіге, 9 мыңнан астам шошқаға екпе салынуы тиіс.
Қазіргі таңда науқан қарқынды жүргізіліп жатыр. ШҚО ветеринария басқармасының мәліметінше, мал басының едәуір бөлігі алдын алу шараларымен қамтылған.
— Бүгінгі таңда ірі қара малдың 81,6 пайызы, ұсақ малдың 75 пайызы және шошқаның 76 пайызы вакцинацияланды. Жұмыстар жоспарлы түрде жалғасып келеді, — делінген ақпаратта.
Сонымен қатар өңірде эпизоотияға қарсы кешенді шаралар да қатар жүзеге асырылуда. Жыл бойы мамандар жеті аса қауіпті инфекцияға қарсы жұмыстар жүргізіп, шамамен 1,2 млн диагностикалық зерттеу өткізуді жоспарлап отыр.
Мамандардың айтуынша, мұндай ауқымды жұмыс аусыл ауруының мал шаруашылығы үшін аса қауіпті болуымен байланысты. Аурудың таралуы жекелеген шаруашылықтарға ғана емес, саланың экспорттық әлеуетіне де кері әсерін тигізуі мүмкін.

Новые статьи

В Усть-Каменогорске камеры видеонаблюдения зафиксировали подростков, распивающих алкоголь

В Усть-Каменогорске камеры Центра оперативного управления полиции зафиксировали, как четверо подростков распивали пиво во дворе жилого дома на улице Егорова. В отношении законных представителей несовершеннолетних...

Генеральный секретарь ИКАО оценил работу Авиационной администрации Казахстана

Генеральный секретарь Международной организации гражданской авиации (ИКАО) Хуан Карлос Саласар посетил Авиационную администрацию Казахстана (ААК) в рамках своего первого официального визита в страну. Его...

В Риддере 60 семей получили ключи от новых квартир

В канун Дня Республики в Риддере состоялось торжественное вручение ключей от квартир в новом многоквартирном доме. Новоселами стали 60 семей. 55 квартир приобрели сотрудники ТОО...

Депутаты Курултая обсуждают проблемы пищевой отрасли в ВКО

В Усть-Каменогорске проходит одно из первых выездных заседаний депутатов нового Курултая. В центре повестки – поддержка отечественных производителей пищевой продукции, переработка сельхозсырья, экспорт и...