Зайсан ауданының тұрғындары өз күштерімен экологиялық тазалық жұмыстарын қолға алды

Кеңсай ауылдық округінің тұрғыны Толқын Мұратбай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясына өз үлесін қосу үшін ерекше белсенділік танытты.

10 наурыз күні ерікті Зайсан ауданындағы елді мекен жолдарын қоқыстан тазартты. Сондай-ақ ол бұл игі шараны Жаңа Конституцияны қолдау аясында қолға алып отыр.

«Бұл бастама тек Зайсан өңірімен шектеліп қалмайды. Алдағы уақытта ерікті азамат еліміздің басқа да аймақтарына барып, экологиялық тазалық жұмыстарын жалғастырмақ», — деп хабарлады аудан әкімдігінен.

Осы сапарда оны Кеңсай ауылының тұрғыны Сетерхан Қабдешқызы қолдап, көмек көрсеткен. Сонымен қатар Зайсан қаласының тұрғыны Бекбақыт Әділбек өзінің жеке «ВАЗ» автокөлігімен қосылып, тасымалдау жұмыстарына қолұшын созды.

Бүгін мәдениет үйінің өнерпаздары ауданның тазалығы үшін білек сыбана іске кіріскен азаматтарды салтанатты түрде шығарып салды. Өнер иелері еріктілерге әуелетіп ән шырқап, сәттілік тіледі.

Новые статьи

Нацбанк Казахстана снизил базовую ставку до 15,75%

Комитет по денежно-кредитной политике Национального Банка Казахстана снизил базовую ставку до 15,75% годовых с коридором в один процентный пункт в обе стороны. Решение принято...

ШҚО-да биыл баласына алимент төлемеген 21 адам сотталды

Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері баласына алимент төлемеген 21 адамға сот үкімі шықты. Өңірде биыл алимент төлеуден жалтарған ата-аналарға қатысты 43 қылмыстық іс қозғалды....

В школе Алтая открыли класс «Жас сақшы» имени погибшего полицейского

В средней школе № 9 города Алтай открылся полицейский класс «Жас сақшы» имени старшего лейтенанта Александра Сидорова, погибшего при исполнении служебного долга. В преддверии...

Бригада скорой помощи ВКО спасла двух пациентов в критическом состоянии

В октябре бригада № 4 Восточно-Казахстанской областной станции скорой медицинской помощи дважды оказала экстренную помощь пациентам в критическом состоянии. В одном случае медики восстановили...