back to top

ШҚО-да биыл туристік бағыттарға апаратын 110 шақырымнан астам жол жөнделеді

Бүгін Үкімет отырысында жол саласын дамыту жайы сөз етілді. Жиын барысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов баяндама жасап, бұл бағытта өңірде атқарылып жатқан жұмыстар жайлы айтып берді.

«Облыста елді мекендер мен туристік рекреациялық аймақтарға апаратын кірме жолдарды қанағаттанарлық жағдайға келтіру бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 94%-ды құрайды. Өткен жылы ауылдарға апаратын 90 шақырым кірме жолға, негізгі туристік аймақтарға жеткізетін 160 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді», — деді аймақ басшысы.

Биыл туристік бағыттар бойынша 114 шақырым жолды және елді мекендерге апаратын 100 шақырымнан астам кірме жолды жөндеу жоспарланып отыр.
Шемонаиха қаласындағы Үбі өзені арқылы өтетін көпірді қайта жаңғырту жобасы әзірленген. Сонымен қатар Өскемендегі Ертіс өзеніне салынатын көпір құрылысы бойынша жоба дайындалып жатыр. Мемлекеттік сараптаманың қорытындысы биылғы жылдың шілде айында алынады деп көзделген.

«E-Joldar» платформасын іске асыру аясында облыстық маңызы бар автокөлік жолдарына цифрлық паспорттар әзірленді. Биыл бұл жұмыс аудандық маңызы бар жолдар мен елді мекендердің көше-жол желісінде жалғастырылмақ. Сондай-ақ 2026 жылы ауыспалы жобаларды іске асыруды жалғастыру және өңірдің 300 шақырымнан астам көлік жолдары мен көшелерін қамтитын жаңа жобаларды іске қосу жоспарланған», — деді Нұрымбет Сақтағанов.

Новые статьи

ВКО демонстрирует уверенный рост в сельском хозяйстве

На площадке Региональной службы коммуникаций Восточно-Казахстанской области руководитель Департамента Бюро национальной статистики по ВКО Ерназ Нурланов представил итоги социально-экономического развития региона за 2025 год. По...

В Казахстане проводится отбор призывников на воинскую службу в ряды Службы государственной охраны РК

В ряды Службы государственной охраны Республики Казахстан (СГО РК) проводится отбор призывников на срочную воинскую службу.  К кандидатам предъявляются следующие требования: возраст 18-27 лет,  хорошее...

С 13 марта в Казахстане изменятся ставки оплаты за нотариальные действия

В Казахстане изменены размеры ставок за совершение отдельных нотариальных действий. Соответствующие поправки внесены приказом Министерство юстиции Республики Казахстан от 26 февраля 2026 года №195....

Жители ВКО потратили в торговых точках более 1,4 трлн тенге за год

В Восточно-Казахстанской области в 2025 году сохранялась положительная динамика по ряду ключевых экономических показателей. Об этом на площадке Региональной службы коммуникаций сообщил руководитель Департамента...