Өскеменде Назарбаев даңғылындағы көпқабатты үйлердің шатыры жөнделеді

Өскемен қаласында тұрғындардың шағымынан кейін бірнеше көпқабатты үйдің шатырына жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

Әңгіме Назарбаев даңғылындағы 54, 64 және 66 үйлерге қатысты болып отыр. Қала тұрғындарының айтуынша, аталған үйлердің шатырлары ұзақ уақыттан бері апатты жағдайда тұр. Олар көктем мезгілінің келуімен пәтерлерге су кіру қаупі қайта туындай ма деп алаңдайды.

Халықпен кездесуден кейін қала әкімі Алмат Ақышов көрсетілген мекенжайларға арнайы барып, жағдаймен жеке танысты.

— Тұрғындармен бірлесіп Назарбаев көшесіндегі 54, 64, 66 үйлердің шатырын жөндеу және Гоголь көшесі, 36 мекенжайындағы үйдің қасбетін жөндеу мен аула аумағын абаттандыру мәселелерін қарадық. Жауапты мамандарға техникалық тексеріс жүргізіп, жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу және қосымша сараптамалар ұйымдастыру тапсырылды, — деді шаһар басшысы.

Қала әкімдігі өкілдерінің мәліметінше, азаматтардың өтініштеріне байланысты жұмыс жалғасады. Осы аптада облыс орталығында әкімнің халықпен кезекті кездесуі өтеді. Бұл жолы ЖКМ ықшамауданы мен оған іргелес аумақтардың тұрғындарымен жүздесу жоспарланған.

Новые статьи

В ВКО спасатели усилили контроль на водоемах после начала купального сезона

В Восточно-Казахстанской области усилили профилактическую работу на водоёмах. С началом купального сезона сотрудники ДЧС ВКО вышли в рейды по популярным местам отдыха у воды....

В Казахстане запустили «е-Ымдау» – жестовый язык теперь можно изучать онлайн

В Казахстане официально начал работу новый цифровой ресурс в сфере инклюзивного образования – видеословарь жестового языка «е-Ымдау». Проект направлен на то, чтобы расширить возможности...

Казахстанский фильм No Good In Sight: A Story покажут на Шанхайском кинофестивале

Фильм No Good In Sight: A Story режиссера Алиби Мукушева вошел в программу 28-го Шанхайского международного кинофестиваля. Мировая премьера картины состоится 16 июня в...

Самый большой национальный парк Казахстана находится в ВКО

Катон-Карагайский государственный национальный природный парк остается одним из главных природных символов Восточного Казахстана. По данным министерства экологии и природных ресурсов Республики Казахстан, это самый...