Оқиға кешкі уақытта Сатбаев даңғылы бойындағы жаяу жүргіншілер өткелінің маңында болған.
Жәбірленушінің анасының айтуынша, кәмелетке толмаған қызы кешкі сағат 21:00 шамасында курстан автобуспен қайтып келе жатқан. Қоғамдық көлікте оған мас күйдегі ер адам тиісе бастаған.
Қорыққан қыз аялдамадан түсіп қалған. Алайда әлгі ер адам оның соңынан еріп, жаяу жүргіншілер өткелінде шабуыл жасаған. Жасөспірім қыз өзіне жасалған шабуылға тойтарыс бере алды. Аталған дерек бойынша түсініктеме берген Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті оқиғаға қатысты тексеру жүргізіліп жатқанын мәлім етті.
— Бұл факт бойынша тиісті тексеру және іздестіру шаралары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы мен оған қатысы бар тұлғалардың жүрген жерін анықтау бағытында жұмыстар атқарылып жатыр, — деп хабарлады ведомство өкілдері.
