ШҚО-ға келген Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев халыққа Жаңа Конституцияның маңызын түсіндірді

Бүгін Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев келді. Соның барысында мәслихат депутаттарымен, жергілікті жұртшылықпен, этномәдени бірлестіктер өкілдерімен, белсенді жастармен және еңбек ұжымдарымен кездесті.

Барлық іс-шара «Жаңа Конституция – ұзақ мерзімді дамудың берік негізі» тақырыбына арналды. Сондай-ақ кездесулерде Мемлекет басшысы айқындап берген реформалардың басым бағыттары, Ата Заңның негізгі жаңа нормалары және Президент тапсырмаларын жүзеге асыру аясындағы бірлескен жұмыс тетіктері талқыланды.

«Конституциялық реформа – Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың еліміздің саяси жүйесін ауқымды және кешенді жаңғыртуға арналған бастамаларының заңды әрі дәйекті жалғасы. Жаңа Конституция жобасы заң мен тәртіп қағидатына, азаматтардың мүддесі мен құқықтарына табан тірейді. Жалпы, бұл шешім – заманауи мемлекет моделіне өту жолындағы саналы және батыл қадам. Ата Заңдағы концептуалды өзгертулердің бірі адам құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде бекітілуі екенін атап өткен жөн. Жаңа конституциядағы дәл осы қағида мемлекеттік құрылымның барлық жүйесінің негізін қалыптастырады», – деп, Мәулен Әшімбаев мәслихат депутаттарымен бірлесіп атқаратын алдағы ортақ міндеттерді тілге тиек етті.

Сонымен қатар Сенат Төрағасы өңірдің өндірістік және ғылыми әлеуетіне ерекше назар аударып, қоршаған ортаны қорғау саласындағы сын-қатерлерге де тоқталды.

«Жаңа Конституциядағы экологиялық ережелердің Шығыс Қазақстан үшін маңызы зор. Алғаш рет табиғатқа қамқорлық таныту мемлекеттің іргелі құндылықтарының бірі ретінде бекітілді. Орнықты даму, экологиялық қауіпсіздік және келер ұрпаққа қамқорлық жасау – Қазақстанның стратегиялық таңдауы», – деді Палата Төрағасы.

Кездесу барысында өңірлік қоғамдық кеңес төрағасы Аяужан Әшімова Конституциялық комиссия құрамында болғанда әр сөздің салмағын ерекше сезінгенін жеткізді.

«Ата Заңымызды жазуға мыңдаған адамның қатысқанына куә болдық.
Күнделікті комиссия отырыстарынан тыс уақытта өз өңіріміздің тұрғындарынан кері байланыс алып, ұсыныстарын қабылдап отырдық. Осындай тікелей диалог Конституцияға деген сенімді арттырып, оны шын мәнінде халықтық құжатқа айналдырып отыр. Онда көзделген Халық кеңесі – азаматтардың шешім қабылдау процесіне қатысуын кеңейтетін маңызды институт. Бұл кеңес – қоғамның әртүрлі топтарының үнін еститін, билік пен халық арасындағы сенімді нығайтатын ашық сұхбат алаңы», — деді ол.

Ал жастармен және этномәдени бірлестіктер өкілдерімен кездесуде конституциялық өзгерістер бүгінгі жаһандық сын-қатерлер жағдайында тиімді жұмыс істейтін саяси жүйе құруға бағытталғаны айтылды. Мәулен Әшімбаев бұл реформалардың сапалы жүзеге асырылуы, жалпы елдің дамуы жастардың қоғамдық-саяси үдерістерге саналы түрде қатысуына және олардың бастамашылдығы мен кәсіби қабілеттеріне тікелей байланысты екенін де атап өтті.

Сапар аясында Сенат Төрағасы «Восток-молоко» корпорациясына және «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ-ға барады деп жоспарланған.

Новые статьи

В Восточном Казахстане за семь месяцев привлекли 25,8 млрд тенге инвестиций в АПК

За семь месяцев 2026 года в агропромышленный комплекс Восточно-Казахстанской области привлечено 25,8 млрд тенге инвестиций. Это на 81% больше, чем за аналогичный период прошлого...

В ВКО продолжается благоустройство экопарков и зон отдыха

В Восточно-Казахстанской области продолжаются работы по благоустройству рекреационных зон. Текущее состояние проектов в Усть-Каменогорске, Уланском и Глубоковском районах обсудили на расширенном аппаратном совещании под...

В Казахстане обсудили развитие отечественных питомников декоративных растений

Развитие декоративного питомниководства и меры по снижению зависимости от импортного посадочного материала обсудили на совещании в правительстве под председательством заместителя премьер-министра - министра национальной...

Катонқарағайда лақтарымен жүрген тауешкілер фототұзаққа түсіп қалды

Шығыс Қазақстан облысындағы Катонқарағай ұлттық табиғи паркінде тауешкілер фототұзаққа түсіп қалды. - Кадрлардан аталық, аналық тауешкілер және өсіп келе жатқан лақтар бірге көрінеді. Аталықтарын ірі...