ХХV жазғы Сурдлимпиада ойындарының чемпионы Фаина Мейірмановаға ШҚО әкімі пәтер сертификатын табыстады

Шығыс Қазақстан облысының спортшысы Фаина Мейірманова өткен жылдың қараша айында Токио қаласында өткен ХХV жазғы Сурдлимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды.

Жеңіл атлетикадан биіктікке секіру сайысында ол 1,79 метр нәтижесін көрсетіп, қарсыластарынан басым түсті. Осылайша, жарыс рекордын жаңартып, Сурдлимпиада чемпионы атанды.

Сурдлимпиада ойындары — есту қабілеті бұзылған спортшылар арасындағы ең ірі халықаралық жарыс. Ол Халықаралық саңыраулар спорт комитетінің қолдауымен өткізіледі. Фаинаның жеңісі Қазақстан ұлттық құрамасының қоржынын толтырып, Шығыс Қазақстандағы спорттың жоғары деңгейін айқындады.

Фаина Мейірманова Қазақстан ұлттық құрамасының негізгі сапында өнер көрсетеді. Оның жетістіктері — көпжылдық жүйелі дайындықтың, бапкерлер штабының кәсіби еңбегінің және өңірдегі спорт ұйымдарының қолдауының нәтижесі.

Соңғы екі жылда спортшы халықаралық және республикалық ареналарда тұрақты түрде жоғары нәтиже көрсетіп келеді. 2024 жылы Тайбэйде өткен сурдо-жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында топ жарып, Куала-Лумпурдегі Азия-Тынық мұхиты ойындарының жеңімпазы атанды. Сондай-ақ Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы болды.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Фаина Мейірмановаға спорттағы айтарлықтай жетістіктері үшін үш бөлмелі пәтердің сертификаты мен кілтін табыстады.

«Спортшымыздың жеңісі еліміздің халықаралық беделін нығайтып, қайсарлық пен табандылықтың жарқын үлгісін көрсетіп отыр, — деп атап өтті аймақ басшысы.

Өз кезегінде Фаина жауапты сәтте толқуға берілмеуге тырысқанын айтты. Пәтер кілті оның еңбегіне берілген лайықты баға. Кездесу соңында спортшы бапкері Богдан Весельскийге және қолдау көрсеткен барша жанкүйерлеріне алғыс білдірді.

Новые статьи

Казахстан и Швеция обсудили торговлю, Volvo и возможный приход IKEA

Министр торговли и интеграции Республики Казахстан Арман Шаккалиев провел встречу с государственным секретарем по торговле министерства иностранных дел Швеции Дианой Янсе. Стороны обсудили торгово-экономическое...

В Казахстане открыли Центр провинции Цзянсу в Центральной Азии

В Астане прошел Форум по торгово-экономическому сотрудничеству «Китай (провинция Цзянсу) – Казахстан». На одной площадке собрались представители государственных органов и деловых кругов двух стран....

Более 113 тонн мяса и кормов из КНР сожгли после нарушений на границе

С начала 2026 года на ветеринарном контрольном посту «Нур Жолы» в Панфиловском районе области Жетісу пресекли семь фактов нарушения ветеринарного законодательства при ввозе и...

Казахстан презентовал потенциал агроэкспорта на форуме в Женеве

В Женеве прошел первый Kazakhstan Commodity Forum – Казахстанский форум по торговле сырьевыми товарами. Мероприятие собрало более 200 участников – руководителей крупнейших трейдинговых домов,...