Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов бастаған өңір делегациясы Ресейдің Барнаул қаласындағы «Толмачёвский» жылыжай комбинатының «Алтайское» бөлімшесіне барды. 9,3 гектар аумақты алып жатқан топырақта қияр, салат және хризантема өсіріледі.
2023 жылдың наурыз айынан бастап бөлімше ISO 22000:2018 халықаралық стандарты бойынша «Жаңа піскен көкөністерді, жапырақты көкөністер мен жасыл дақылдарды өндіру» бағыты бойынша азық-түлік қауіпсіздігіне сәйкестік сертификатын иеленді.
Өнімді зиянкестерден қорғау мақсатында комбинатта өсірілетін биоматериал — энтомофаг қолданылады. Кәсіпорында үш зертхана жұмыс істейді: агрохимиялық зертхана, биозертхана және клоналды микрокөбейту зертханасы. Комбинатта 270-тен астам адам еңбек етеді.
Одан соң делегация мүшелері қаладағы №136 мектеп пен Алтай мемлекеттік педагогикалық университетін аралап, білім саласы бағытында тәжірибе алмасты.
