ШҚО-да ЖШС есепшісі кассадан 10 млн теңгеден астам қаржы жымқырған

Шығыс Қазақстан облысының Зайсан аудандық сотында ҚР Қылмыстық Кодексінің 189-бабы (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ірі мөлшерде иелену немесе ысырап ету) бойынша қылмыстық іс қаралды.

Белгілі болғандай, ЖШС-ның азық-түлік қоймасында есепші-кассир болып жұмыс істеген әйел адам 2025 жылдың тамыз-қазан айлары аралығында компания кассасынан жалпы сомасы 10 844 549 теңгені жымқырған.

Шығыс Қазақстан облыстық соты баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, сот айыпталушының өкінуі мен кәмелетке толмаған балаларының болуын қылмыстық жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде таныды.

— Сот үкімімен сотталушыға мүлкін тәркілей отырып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сонымен қатар материалдық шығынды өндіру туралы азаматтық талап қанағаттандырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ, — делінген ақпаратта.

Новые статьи

В Восточном Казахстане за семь месяцев привлекли 25,8 млрд тенге инвестиций в АПК

За семь месяцев 2026 года в агропромышленный комплекс Восточно-Казахстанской области привлечено 25,8 млрд тенге инвестиций. Это на 81% больше, чем за аналогичный период прошлого...

В ВКО продолжается благоустройство экопарков и зон отдыха

В Восточно-Казахстанской области продолжаются работы по благоустройству рекреационных зон. Текущее состояние проектов в Усть-Каменогорске, Уланском и Глубоковском районах обсудили на расширенном аппаратном совещании под...

В Казахстане обсудили развитие отечественных питомников декоративных растений

Развитие декоративного питомниководства и меры по снижению зависимости от импортного посадочного материала обсудили на совещании в правительстве под председательством заместителя премьер-министра - министра национальной...

Катонқарағайда лақтарымен жүрген тауешкілер фототұзаққа түсіп қалды

Шығыс Қазақстан облысындағы Катонқарағай ұлттық табиғи паркінде тауешкілер фототұзаққа түсіп қалды. - Кадрлардан аталық, аналық тауешкілер және өсіп келе жатқан лақтар бірге көрінеді. Аталықтарын ірі...