Алтай ауданында шұғыл медициналық көмек қажет болған нәресте Өскеменге ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағымен жеткізілді. Ұшқыштар Сергей Пинигин, Айдар Мамырханов және Азамат Кабден санитариялық авиация желісі бойынша рейсті сәтті орындады.
— Сәби шұғыл түрде облыс орталығындағы медициналық мекемеге жатқызуды қажет еткен. Экипаж мүшелері мен медицина қызметкерлері Рафаил Халитов пен Назым Бесенбаеваның үйлесімді жұмысының арқасында кішкентай науқас дер кезінде ауруханаға жеткізілді, — деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.
Айта кетейік, ТЖМ тікұшақтары шалғай елді мекендердің тұрғындарына шұғыл көмек көрсету үшін тәулік бойы дайындықта тұрады.
