Риддерде көпқабатты үйдің шатырынан құлаған мұздан жарақат алған зейнеткердің денсаулығы қалай?

Еске салсақ, оқиға Тәуелсіздік даңғылы, 12 мекенжайында болған. Көпқабатты тұрғын үйдің шатырынан сырғыған мұз сол маңнан өтіп бара жатқан зейнеткерге құлаған.

Бұны терезеден көрген үй тұрғындарының бірі жедел жәрдем шақырған.

Риддер қаласында мұздың шатырдан құлауы мәселесі жыл сайын қайталанады. Бірнеше жыл бұрын осындай жағдай адам өліміне әкеліп соққан болатын. Мұз құлаған көпқабатты тұрғын үйде 140 пәтер бар. Тұрғындардың айтуынша, үйде ПИК жоқ.

— Соның салдарынан шатыр жүйелі тазаланбайды. Әсіресе ғимараттың тротуар бойындағы бөлігі қауіпті. Бұл жерден адам көп жүреді. Бірінші қабаттарда бірнеше дүкен орналасқан. Қазірдің өзінде жүрудің өзі қорқынышты, — дейді олар.
Қала әкімдігі шатырды тазалау үшін арнайы техника жіберілетінін хабарлады.

— Ортақ мүлікті күтіп-ұстау — тұрғын және коммерциялық нысан иелерінің міндеті екенін еске саламыз, — деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

ШҚО денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, зардап шеккен әйел Риддер қалалық ауруханасының травматология бөліміне жатқызылды. Жабық бас-ми жарақатын алған зейнеткердің миы шайқалған.

Новые статьи

Зачем импортировать скот, если свой уже дает 12 тысяч литров молока?

В животноводстве, по мнению аграриев, государственная поддержка также не всегда соответствует задачам развития отечественного производства. В качестве примера руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев привел результаты...

В Казахстане ограничат выезд за рубеж при налоговом долге свыше 27 000 МРП

С 1 октября 2026 года в Казахстане действует дополнительная мера взыскания налоговой задолженности – временное ограничение на выезд из страны. Она распространяется на индивидуальных...

В селе Жаңалық Тарбагатайского района открыли новый медицинский пункт

В селе Жаңалық Тарбагатайского района 23 октября открыли новый медицинский пункт. Объект начал работу накануне Дня Республики и призван повысить доступность первичной медицинской помощи...

Некачественные семена и пестициды бьют по репутации страны

Отдельную тревогу вызывает контроль за ГМО и средствами защиты растений. руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев утверждает, что из-за недостаточных фильтров на рынок попадает семенной...