Бұл туралы Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі өкілдері хабарлады. Фототұзақты орманшы Жомарт Аманбаев орнатқан.
Кадрлардан көрінгендей, қар барысы үш аланымен бірге келе жатыр.
— Бұл өте ерекше жағдай. Өйткені аландар анасының жанында шамамен екі жыл болады. Осы уақытта олар аң аулауды, қауіптен сақтануды үйренеді. Мұндай кадрлар ұлттық парк аумағында жануарлардың сирек түрлерінің өсіп-өнуіне қолайлы жағдай сақталып отырғанын көрсетеді, — делінген ақпаратта.
Қар барысы — Алтайдың асқақ таулары мен тұмса табиғатында мекендейтін, Қазақстанның Қызыл кітабына енген сирек жыртқыш.
