Өскеменде ауаға тараған 4 зиянды заттың мөлшері шекті деңгейден асқан

«Қазгидромет» РМК облыстық филиалы атмосфералық ауаның жай-күйі туралы мәліметтерді жария етті. Желсіз күндер аяқталғанына қарамастан ауа құрамында бірқатар ластаушы заттар бойынша шекті рұқсат етілген мөлшерден асып кету фактісі тіркеліп отыр.

— 3 ақпанда ең жоғары көрсеткіш көміртек тотығына тиесілі болды. Оның концентрациясы нормадан 2,5 есе асқан. Сондай-ақ күкірт диоксиді бойынша — 2,1 есе, күкіртсутек — 2 есе, азот тотығы — 1,4 есе шекті деңгейден асқаны анықталды, — делінген ақпаратта.

Осылайша, бір аптаға созылған тұманнан кейін қала қолайсыз метеожағдай режимінен шыққанымен, ауа сапасы әлі де нашар.

Мамандар желдің болмауы мен температуралық инверсия жағдайында ластаушы заттардың атмосфераның жерге жақын қабатында жиналатынын айтып отыр.

«Қазгидромет» РМК қызметкерлері Өскемендегі ауа сапасына тәулік бойы мониторинг жүргізіліп жатқанын және алынған деректердің жедел түрде тиісті қызметтерге жолданып отырғанын мәлімдеді.

Новые статьи

Казахстан презентовал потенциал агроэкспорта на форуме в Женеве

В Женеве прошел первый Kazakhstan Commodity Forum – Казахстанский форум по торговле сырьевыми товарами. Мероприятие собрало более 200 участников – руководителей крупнейших трейдинговых домов,...

В «Қазақконцерте» прошел вечер истории танца

В Государственной академической концертной организации «Қазақконцерт» имени Розы Баглановой прошел концерт-лекция ансамбля «GULDER» – «EXPERIENCE №4: Диалог эпох – от паваны до казахского вальса». Проект...

Прокуратура ВКО выявила схемы занижения налогов у застройщиков на 420 миллионов тенге

Прокуратура Восточно-Казахстанской области провела анализ полноты уплаты налогов предприятиями, которые строят многоквартирные жилые дома. Проверяли, как застройщики отражают доходы и насколько честно платят налоги. Анализ...

Судья Конституционного Суда объяснил курсантам МВД, зачем стране конституционная реформа

Судья Конституционного Суда Еркин Онгарбаев выступил с лекцией в Карагандинской академии МВД РК им. Б. Бейсенова. Встречу провели для профессорско-преподавательского состава и курсантов академии. Во...