ШҚО-да «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында биыл 55 шара ұйымдастырылады

Бүгін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінде өткен жиналыста «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында атқарылып жатқан жұмыстар талқыға салынды. Жиынға аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов, құқық қорғау органдарының басшылары, қала, аудан әкімдері мен басқарма басшылары қатысты.

ШҚО Ішкі саясат басқармасының басшысы Айдар Садырбаевтың айтуынша, заңның үстемдігін қамтамасыз етіп, халықты құқық бұзушылықтарға мүлде төзбеуге шақыру үшін жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Облыс аумағында 116 құқық кабинеті жұмыс істеп тұр. Көпқабатты үйлердің подъездері мен лифттерге 1400-ден астам тақырыптық стенд орналастырылды. Сонымен қатар үш трамвай тақырыпқа сай сыртқы жарнамамен безендірілді. Жуық арада трамвайлар мен автобустардағы экрандарда бейнероликтер көрсету жоспарланып отыр», — деді ол.

AMANAT партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында 20 993 адам арнайы курстардан өткен. «Құқықтық қамқорлық» акциясы аясында зейнеткерлер мен ерекше қажеттіліктері бар жандарға алаяқтардан қалай сақтану қажеттігі түсіндірілді. 1 қарашада Жобалық кеңсе іске қосылғалы бері 30-дан астам іс-шара іске асырылды.

«Заң мен тәртіп» идеологемасының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттары жалпыұлттық сипатқа ие болу керек. Оны сапалы іске асыру ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға, қоғамның және мемлекеттің орнықты дамуына оң ықпал етеді деп сенемін», — деді Нұрымбет Сақтағанов.

Таяуда ҚР Бас прокуратурасында өңірлік Жобалық кеңсе жұмысы тыңдалып, биылғы жылғы жоспарлар талқыланды. Нәтижесінде Шығыс Қазақстанның тәжірибесі оң бағаланды. 2026 жылы өңір бойынша түрлі форматтағы 55 шара ұйымдастырылады.

Новые статьи

Зачем импортировать скот, если свой уже дает 12 тысяч литров молока?

В животноводстве, по мнению аграриев, государственная поддержка также не всегда соответствует задачам развития отечественного производства. В качестве примера руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев привел результаты...

В Казахстане ограничат выезд за рубеж при налоговом долге свыше 27 000 МРП

С 1 октября 2026 года в Казахстане действует дополнительная мера взыскания налоговой задолженности – временное ограничение на выезд из страны. Она распространяется на индивидуальных...

В селе Жаңалық Тарбагатайского района открыли новый медицинский пункт

В селе Жаңалық Тарбагатайского района 23 октября открыли новый медицинский пункт. Объект начал работу накануне Дня Республики и призван повысить доступность первичной медицинской помощи...

В ВКО отметили День Республики праздничным концертом

В Восточно-Казахстанской областной филармонии состоялся праздничный концерт ко Дню Республики. Программу посвятили достижениям региона и людям, которые развивают образование и медицину, работают на промышленных...