Оқиға 28 қаңтарда Жібек маталар комбинаты ықшам ауданындағы Сәтбаев даңғылында болды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлап отыр.
— Toyota Mark II маркалы автокөлік жүргізушісі екі жаяу жүргіншіні қағып кетті. 1964 және 1979 жылы туған екі әйел жол апатынан жарақат алып, медициналық көмекке жүгінді, — делінген ақпаратта.
Қазіргі уақытта оқиғаға байланысты тиісті сараптамалар тағайындалған.

