Өскеменде электр желілеріндегі апат салдары жойылып, үйлерге жылу берілді

Электр қуаты бүгін түнде сағат 03:20-да ажыратылған. Соның салдарынан Жібек маталар комбинаты ықшамауданындағы №2 қазандықтың, Ахмер кентіндегі №5 қазандықтың, Меновное кентіндегі №6 және №7 қазандықтардың жұмысы уақытша тоқтатылды.

Бұдан бөлек, «Этнопарк» тірек сорғы станциясының, «Сәтбаев» сорғы станциясының және Металлург кентіндегі №1, №2 және №3 орталық жылу пункттерінің жабдықтары электр қуатынсыз қалды.

– Электрмен жабдықтаудың апатты түрде өшуі жылу желілерінің гидравликалық режимінің уақытша бұзылуына әкелді. Электр энергиясы қалпына келтірілгеннен кейін, таңғы сағат 10:00-ге қарай барлық қазандық іске қосылып, жүйе параметрлері нормативтік деңгейге жеткізілді, — деп хабарлады Өскемен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Қазіргі уақытта электрмен жабдықтау толық қалпына келтірілді, үйлер жылумен штаттық режимде қамтылған. Гидравликалық режимді қалпына келтіру жұмыстары аяқталды.

Новые статьи

В Усть-Каменогорске в третий раз пройдет фестиваль PET DOG FEST

В областном центре состоится семейный фестиваль для горожан и их питомцев. Мероприятие уже стало традиционным и проводится в Усть-Каменогорске третий год подряд. Для гостей подготовили...

В ВКО с начала лета на водоемах погибли 10 человек

В Восточном Казахстане из-за сохраняющейся жары спасатели усилили профилактическую работу на водоемах. С начала купального сезона сотрудники департамента по чрезвычайным ситуациям ВКО провели 1...

В Восточном Казахстане производители назвали основные барьеры для развития бизнеса

Представители QazIndustry и Палаты предпринимателей ВКО посетили предприятия обрабатывающей промышленности региона, чтобы на месте обсудить условия работы бизнеса и проблемы, с которыми сталкиваются производители....

Ренат Курмамбаев стал заместителем акима ВКО

В Восточно-Казахстанской области произошло кадровое назначение - Ренат Курмамбаев стал заместителем главы региона Нурымбета Сактаганова. До перехода в областной акимат он возглавлял район Алтай. На...