ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 27 қаңтарда сағат 10-00-де профилактикалық мақсатта қар көшкіні жүргізіледі.
— Соған байланысты жергілікті маңызы бар «Согорное-Барлық» автокөлік жолының 9-17 шақырымы учаскесі жабылады. Көлік жүргізушілерін өз бағыттарын алдын ала жоспарлап алуды сұраймыз, — делінген ақпаратта.
Облыс бойынша барлығы 325 қар көшкіні ошағы бар. Онда 93 шақырым автожол, мереке және демалыс күндері 3000-нан астам демалушыны қабылдайтын туристік және шаңғы базалары орналасқан.

