Өскеменде 5 мың орындық футбол стадионы екі жылда салынып бітуі тиіс

Бүгін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінде футболды дамытуға қатысты жиын өтті. Оған аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов қатысты.

Былтыр «Алтай Өскемен» футбол клубы араға 13 жыл салып Қазақстан Премьер-лигасына жолдама алған болатын. Осылайша, облысқа үлкен футбол қайта оралды. ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытта «Восток» стадионында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал келешекте футболшылар жаңа стадионға көшеді.

— Өскеменде жабық футбол стадионын салуға арналған жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу соңғы кезеңге өтті. Мемлекеттік сараптамаға ұсыну үшін құжаттар пакеті дайындалып жатыр, — дейді басқарма басшысы Асқар Можанов.

Облыстық Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Ерназ Мұқатаевтың айтуынша, 22-ші тұрғын ауданда орналасатын үсті жабық футбол стадионына 5 мың адам сыятын болады. Ішінде воркаут және балалар ойын алаңдары да орналасады. Сыртта 370 орынға арналған көлік тұрағы ұйымдастырылмақ. Жаңа стадион екі жылда салынып бітуі тиіс.

— Өңірімізде футбол спорты қарқынды дамып келеді. Жақсы нәтижелер де бар. Жергілікті клубтың жанкүйерлері көбейіп, балалар футболы да алға басуда. Сондықтан облыстағы кәсіпорындар мен жеке кәсіп иелерін «Алтай Өскемен» футбол клубын қаржылай қолдауға шақырамын, — деді облыс әкімі.

Новые статьи

Нацбанк Казахстана снизил базовую ставку до 15,75%

Комитет по денежно-кредитной политике Национального Банка Казахстана снизил базовую ставку до 15,75% годовых с коридором в один процентный пункт в обе стороны. Решение принято...

ШҚО-да биыл баласына алимент төлемеген 21 адам сотталды

Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері баласына алимент төлемеген 21 адамға сот үкімі шықты. Өңірде биыл алимент төлеуден жалтарған ата-аналарға қатысты 43 қылмыстық іс қозғалды....

В школе Алтая открыли класс «Жас сақшы» имени погибшего полицейского

В средней школе № 9 города Алтай открылся полицейский класс «Жас сақшы» имени старшего лейтенанта Александра Сидорова, погибшего при исполнении служебного долга. В преддверии...

Бригада скорой помощи ВКО спасла двух пациентов в критическом состоянии

В октябре бригада № 4 Восточно-Казахстанской областной станции скорой медицинской помощи дважды оказала экстренную помощь пациентам в критическом состоянии. В одном случае медики восстановили...