Аудандық соттың мәліметінше, ауыл тұрғыны WhatsApp мессенджеріндегі топта Тарбағатай аудандық аурухананың бас дәрігерінің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін жалған ақпарат таратқан.
Сот барысында әйел адам өз кінәсін мойындамады. Ал дәрігер айыпталушыға қатаң жаза тағайындауды сұрады.
— Сот жауапкерді ӘҚБтК-нің 73-3-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оның зейнеткер екенін ескере отырып, айыппұл мөлшерін 30 пайызға төмендетті. Нәтижесінде ауыл тұрғыны 495 432 теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді, — деп хабарлады соттың баспасөз қызметінен.

