ШҚО-дағы көшкін қаупі бар тау бөктеріндегі қар қалыңдығы тексерілді

Шығыс Қазақстан облысында «Қазселденқорғау» мекемесінің мамандары қар көшкіні қаупі бар учаскелерге тексеру жүргізді.

Алтай ауданындағы бес, Катонқарағай ауданындағы төрт қар көшкіні қаупі бар учаскелерге визуалды тексеру жүргізілді. Соның барысында Алтай ауданындағы тау бөктерінде қар қалыңдығы 80 см-ге дейін, ал Катонқарағай ауданында 50 см-ге дейін жеткені анықталды.

— Жұмыстың маңызды бөлігі ретінде қар жамылғысының тұрақтылығын дәл бағалауға мүмкіндік берген стратиграфиялық бақылаулар жүргізілді. Қазіргі уақытта аталған аудандардағы қар көшкіні жағдайы тұрақты. Сонымен қатар мамандар қар көшкіні қаупі бар учаскелердің маңынан өтетін немесе көлікпен қатынайтын азаматтарға барынша сақ болуды ескертіп жатыр, — деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінен.

Құтқарушылар халықты таулы аймақтарда қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырды. Қар жауып тұрған кезде және ауа райы қолайсыз болған жағдайда еш уақытта тауға шықпау керек. Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласу қажет.

Новые статьи

Зайсан ауданында дәрігерлік амбулатория мен мектеп салынып жатыр

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Зайсан ауданына жасаған жұмыс сапары барысында Қаратал ауылында салынып жатқан дәрігерлік амбулаторияға барды. Бүгінде құрылыс жұмыстары 99 пайызға аяқталған....

В Казахстане ужесточают охрану железнодорожных грузов с помощью оружия, дронов и видеонаблюдения

В Казахстане усиливают меры безопасности при перевозке грузов по железной дороге. Соответствующие изменения внесены приказом министра транспорта и вступят в силу с 28 июля...

Аким ВКО проверил ход строительства новой школы в селе Улкен Каратал

В ходе рабочей поездки в Зайсанский район аким Восточно-Казахстанской области Нурымбет Сактаганов ознакомился с ходом строительства нового корпуса школы «Казахстан» в селе Улкен Каратал. Новая...

Глава государства выступил на заседании Высшего Евразийского экономического совета в расширенном составе

Под председательством Президента Касым-Жомарта Токаева состоялось очередное заседание Высшего Евразийского экономического совета (ВЕЭС) в расширенном составе. В своем выступлении Глава государства поблагодарил лидеров стран –...