Риддер қаласында көпсалалы аурухана кешенінің құрылысы аяқталды

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында заманауи көпсалалы аурухана кешенінің құрылысы толық аяқталды. Бүгін нысанды облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов пен ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова аралап көрді.

Жаңа медициналық кешен құрамына 200 төсек-орынға арналған стационар және бір ауысымда 500 адамды қабылдай алатын емхана кіреді. Жобаның жалпы құны 34,8 млрд теңгені құрады. Бас мердігер ұйым – «Элхон» ЖШС. Нысан пайдалануға қабылданды.

ШҚО әкімі атап өткендей, бұған дейін аурухананың негізгі корпустары, оның ішінде педиатриялық бөлімше 80 жылдан астам уақыт бұрын салынған. Қазіргі таңда жаңартылған кешен заманауи талаптарға сай көпсалалы медициналық мекеме ретінде қызмет көрсетеді. Мұнда тек Риддер қаласының тұрғындары ғана емес, жақын маңдағы елді мекендердің халқы да медициналық көмек ала алады.

Аурухана кешенінің құрылысы Қазақстан Республикасының «Заңсыз иемделген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңы аясында бөлінген қаражат есебінен жүргізілді.

Жалпы ауданы 40 мың шаршы метрден асатын үшқабатты ғимарат қажетті медициналық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.
Кешен құрылымында тәулік бойы жұмыс істейтін стационар, күндізгі бөлім, паллиативтік көмек, консультативтік-диагностикалық және алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қызметтері қарастырылған.

Қазіргі уақытта тиісті құжаттарды рәсімдеу жұмыстары аяқталу сатысында. Осы рәсімдер толық аяқталғаннан кейін көпсалалы аурухана кешені тұрғындарды қабылдай бастайды.

Новые статьи

В ВКО спасатели усилили контроль на водоемах после начала купального сезона

В Восточно-Казахстанской области усилили профилактическую работу на водоёмах. С началом купального сезона сотрудники ДЧС ВКО вышли в рейды по популярным местам отдыха у воды....

В Казахстане запустили «е-Ымдау» – жестовый язык теперь можно изучать онлайн

В Казахстане официально начал работу новый цифровой ресурс в сфере инклюзивного образования – видеословарь жестового языка «е-Ымдау». Проект направлен на то, чтобы расширить возможности...

Казахстанский фильм No Good In Sight: A Story покажут на Шанхайском кинофестивале

Фильм No Good In Sight: A Story режиссера Алиби Мукушева вошел в программу 28-го Шанхайского международного кинофестиваля. Мировая премьера картины состоится 16 июня в...

Самый большой национальный парк Казахстана находится в ВКО

Катон-Карагайский государственный национальный природный парк остается одним из главных природных символов Восточного Казахстана. По данным министерства экологии и природных ресурсов Республики Казахстан, это самый...