ШҚО әкімі шетелдік инвесторлармен бірқатар кездесу өткізді

Шығыс Қазақстан әкімі шетелдік инвесторлармен бірнеше кездесу өткізді. Шетелдік кәсіпкерлер өңірде инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық білдіріп отыр.

Бахрейн Корольдігінде тіркелген халықаралық компания Өскемен қаласында ферросилиций өндіретін зауыт салу мүмкіндігін пысықтауда. Инвестиция көлемі 500 миллион АҚШ долларына дейін жетуі мүмкін. Жоба аясында жергілікті шикізат пайдаланылып, шамамен 600 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Инвесторлар өндірісте заманауи экологиялық технологияларды қолдануға ерекше мән беріп отыр.

Сонымен қатар облыс әкімімен өткен жеке кездесуде HONGKONG BBGO INVESTMENT HOLDING компаниясының өкілдері Өскемендегі қалдық сақтау қоймаларын экологиялық рекультивациялау жобасын таныстырды. Компания Қытай, Малайзия және Лаос елдерінде 15 жылдан астам уақыт бойы экологиялық және ресурсты үнемдейтін жобаларды табысты жүзеге асырып келеді.
Ұсынылып отырған технология мыс, алтын, күміс және басқа да бағалы металдарды 80 пайыздан астам тиімділікпен алуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ мүлде қалдық қалдырмау қағидаты, тұйық су айналымы және өндіріс қалдықтарын қауіпсіз құрылыс материалдарына қайта өңдеу қарастырылған.

Аталған жобалар қазіргі уақытта пысықтау кезеңінде және өңірдің өнеркәсіптік әрі экологиялық дамуына елеулі үлес қосады.

Новые статьи

В ВКО и еще семи регионах Казахстана ожидаются снег и гололед

В ночные и утренние часы в Восточно-Казахстанской, Акмолинской, Алматинской, Павлодарской, Карагандинской и Северо-Казахстанской областях, а также в областях Абай и Жетысу прогнозируются дождь со...

ШҚО-дағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологтар Ново-Березов кен орнындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтады. ШҚО Экология департаментінің мамандары табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен Dengbo Success Minerals LTD компаниясына қатысты жоспардан...

В ВКО открыли бесплатную IT-школу с программой обучения на 18 месяцев

В Восточно-Казахстанской области расширяют возможности бесплатного обучения программированию и искусственному интеллекту. Жители от 15 лет могут освоить IT-навыки независимо от предыдущего опыта, а начинающие...

С 21 декабря в Казахстане изменится порядок подтверждения обязательств по утилизации отходов

Производители и импортеры, которые самостоятельно организуют сбор и переработку отходов, будут подавать документы непосредственно оператору расширенных обязательств производителей (РОП). Ранее заявления направляли в уполномоченный...