ТЖМ тікұшағы жаңа туған нәрестені медициналық мекемеге шұғыл жеткізді. Бұл туралы ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
— «Қазавиақұтқару» ұшқыштары Сергей Пинигин мен Леонид Калеканов Ми-8 тікұшағымен Риддердегі шұғыл медициналық көмекке мұқтаж жаңа туған нәрестені Өскемен қаласына жеткізді. Ұшу барысында шақалақты санитарлық авиацияның тәжірибелі дәрігерлері Татьяна Сергеева мен Ботагөз Ақашева алып жүрді.
Тікұшақ таулы аймақ жағдайында ұшты, — делінген ақпаратта.
Ұшқыштар мен дәрігерлер командасы үйлесімді әрі кәсіби әрекет етіп, соның нәтижесінде нәресте облыс орталығына сәтті жеткізілді. Қазіргі уақытта оған барлық қажетті әрі қарайғы медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

