Иттер мен олардың иелеріне арналған ерекше шара желтоқсан айында ұйымдастырылады. Қала тұрғындары өз үй жануарларымен бірге мерекелік парадқа қатысуға шақырылып отыр. Төрт аяқтылар үшін міндетті дресс-код — жаңа жылдық киім.
Кез келген ниет білдірген жандар қатыса алады. Ұйымдастырушылар көңілді флешмоб пен басқа да қызықты шаралар дайындады.
Парад-шеру 27 желтоқсан күні жаңа жағалауда өтеді. Қатысу тегін.
Ең үздік киім номинациясы бойынша жеңімпаздарды түрлі сыйлықтар күтеді.
