Шемонаиха ауданына 2029 жылға дейін 130 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылмақ

Бұл туралы бүгін аудан тұрғындарымен кездескен Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов мәлім етті.
«Шемонаиха ауданының 2029 жылға дейінгі даму жоспары бойынша 127,3 млрд теңге жеке инвестициялар тарту жоспарланған. Жеке инвестициялар есебінен өткен жылы Рулиха ауылында 480 бас ірі қараға арналған сүт-тауарлы ферма кеңейтілді, Шемонаиха қаласында 154 орындық «Балу» балалар ойын-сауық орталығы салынды және шұжық цехы ашылды. Ал биыл аудан орталығында «Сивер плюс» кәсіпорны 380 млн теңгеге сүт өңдеу өндірісін іске қосса, Ұн тарту-құрама жем комбинаты өндірісті ұлғайтты. Шемонаиха ауданының әкіміне ауданды дамыту жоспары бойынша іс-шаралардың сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырамын», — деді аймақ басшысы.
Шемонаихада туристерге арналған 22 орын тіркелген. Осы жылы ауданда туризм саласында жалпы құны 68 млн теңгені құрайтын 4 жоба іске асырылуда. Нұрымбет Сақтағанов өз сөзінде аудан әкіміне визит-орталық ашу бойынша ұсыныстар енгізуді, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ШҚО филиалымен бірлесіп, республикалық тасжол бойында санитарлық-гигиеналық тораптарды орнатуды қамтамасыз етуді тапсырды.
Ауданда мал шаруашылығы да дамып келеді. Бүгінде 20 мың бас ірі қара, 12 мың бас қой мен ешкі, 3 мың жылқы бар. Осы жылдың 10 айында шаруашылықтар 3 мың тонна ет өндірді. Жалпы аудан аумағында 10 сүт-тауарлы ферма және 1,9 мың басқа арналған 2 мал бордақылау алаңы жұмыс істеп тұр.
Облыс әкімі аудан басшысына Ауыл шаруашылығы басқармасымен бірлесіп, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің жаңа жобалары бойынша, оның ішінде «Ауыл аманаты» жобасы аясында ұсыныстар енгізуді тапсырды.

Новые статьи

В Казахстане создадут цифровой реестр налоговых льгот

Министерство финансов переводит учет налоговых льгот в цифровой формат. Для этого будет создан единый Реестр налоговых льгот, который позволит систематизировать информацию о мерах государственной...

В Казахстане планируют ввести обязательное страхование жилья от природных катастроф

В Казахстане планируется ввести обязательное страхование зарегистрированного жилья граждан от природных катастроф. Соответствующие изменения предусмотрены проектом Программы развития страхового рынка до 2030 года. Страхование будет...

Восточный Казахстан и Беларусь намерены запускать совместные предприятия

ВКО и Могилевская область Беларуси планируют расширить сотрудничество. Помимо взаимных поставок, стороны рассматривают совместное производство лифтов, техники и мебели, переработку сельхозпродукции, туристические проекты и...

Риддерде адам өліміне әкеліп соққан жол апатынан зардап шеккен екінші қыздың жағдайы белгілі болды

23 тамызда Риддерде мотоцикл мінген екі қыз жол-көлік оқиғасына түсті. Мотоцикл тізгінінде болған 13 жастағы жеткіншек оқиға орнында көз жұмды. Ал оның құрбысы түрлі...