ШҚО-да жер үйлерде өрттің алдын алуға бағытталған рейдтер жалғасып жатыр

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тексерулердің басты мақсаты — жеке тұрғын үй секторларында өрт санын азайту және адам өлімінің алдын алу.

— Шығыс Қазақстанда ауқымды өрт қауіпсіздігі айлығы өткізілді. Соның барысында жергілікті атқарушы органдар, еріктілер мен түрлі қауымдастық мүшелерінің қатысуымен бірқатар жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, тұрғын үйлерді аралау, рейдтер, нұсқаулықтар өткізу және әлеуметтік тұрғыда осал жанұяларға көмек көрсету сияқты іс-шаралар жүргізілді.
Барлығы 42 000 үй қамтылды. Ұлан және Глубокое аудандарында көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың пештеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Облыс бойынша үйлерге жалпы саны 500-ге жуық улы газды анықтайтын датчиктер орнатылды, — делінген ақпаратта.

Құтқарушылар пештегі саңылаулар, тазаланбаған мұржа және электр жүйелерінің шамадан тыс жүктемелі — өрттердің негізгі себептері екендігін түсіндірді. Азаматтарға тозған электр құралдарын пайдаланбау қажеттігі ескертілді.

Новые статьи

В ВКО и еще семи регионах Казахстана ожидаются снег и гололед

В ночные и утренние часы в Восточно-Казахстанской, Акмолинской, Алматинской, Павлодарской, Карагандинской и Северо-Казахстанской областях, а также в областях Абай и Жетысу прогнозируются дождь со...

ШҚО-дағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологтар Ново-Березов кен орнындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтады. ШҚО Экология департаментінің мамандары табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен Dengbo Success Minerals LTD компаниясына қатысты жоспардан...

В ВКО открыли бесплатную IT-школу с программой обучения на 18 месяцев

В Восточно-Казахстанской области расширяют возможности бесплатного обучения программированию и искусственному интеллекту. Жители от 15 лет могут освоить IT-навыки независимо от предыдущего опыта, а начинающие...

С 21 декабря в Казахстане изменится порядок подтверждения обязательств по утилизации отходов

Производители и импортеры, которые самостоятельно организуют сбор и переработку отходов, будут подавать документы непосредственно оператору расширенных обязательств производителей (РОП). Ранее заявления направляли в уполномоченный...