ШҚО әкімі үздік жастарды марапаттады

Аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов облыстың дамуына өз үлестерін қосып жүрген жастармен кездесіп, марапаттау рәсімін өткізді. Өз сөзінде ол Шығыс Қазақстанда 170 мыңнан астам жастың сапалы білім алып, кәсіби тұрғыда шыңдалуы үшін кешенді қолдау көрсетіліп жатқанын жеткізді.

— «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында 2 университет пен 37 колледжде 25 мыңнан астам студент техникалық мамандық бойынша білім алуда. «Білікті маман» жобасы шеңберінде биыл 270 грант бөлінді. «Дипломмен ауылға!», «Жастар тәжірибесі», «Жасыл ел» бағдарламалары арқылы жыл басынан бері 2 мыңнан астам жас жұмыспен қамтылды, — деді облыс әкімі.

«Жыл көшбасшысы» номинациясы «Қазцинк» ЖШС жанындағы жастар кеңесінің төрағасы Жансая Жанболатоваға берілді. Жыл көлемінде 50-ден астам шара ұйымдастырып, 3000-нан астам жасты қамтыған «Ұлағат» жастар қоғамдық бірлестігі «Жылдың жастар ұйымы» атанды.

«Жыл волонтері» номинациясы бойынша Катонқарағай ауданындағы волонтерлік орталықтың белсендісі Арна Арданбекқызы марапатталады. «Еңбек адамы» номинациясын Үлбі металлургия зауытының шебері Әділ Төлеуғазинов иеленді. Оның еңбек өтілі – 12 жыл.

«Maman Fest» фестивалінің жеңімпазы болған «Өскемен ЖЭО» ЖШС-ның жұмысшы жастар командасына 1 млн теңгенің сертификаты табысталды. Ал «Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қосқан үлесі үшін» облыс әкімінің сыйлығын алған әр жеңімпазға 500 000 теңге көлемінде қаржылай сертификат берілді.

Новые статьи

Аграриям ВКО в 2026 году направили 22,5 млрд тенге на посевную и уборочную кампании

Вице-министр сельского хозяйства Амангалий Бердалин посетил Восточно-Казахстанскую область с рабочей поездкой. Он встретился с сельхозтоваропроизводителями, провел личный прием граждан и ознакомился с работой аграрных...

Колледжи ВКО усилят сотрудничество с предприятиями для подготовки востребованных специалистов

Аким Восточно-Казахстанской области Нурымбет Сактаганов поручил теснее связать подготовку студентов колледжей с потребностями предприятий и уделить особое внимание производственной практике, стажировкам и трудоустройству выпускников. Эту...

Полиция усилила безопасность в Усть-Каменогорске ко Дню города

Празднование Дня города в Усть-Каменогорске продлится пять дней. В программе более 50 мероприятий, а безопасность горожан и гостей на всех праздничных площадках круглосуточно обеспечивают...

Еще 70 школ Восточного Казахстана оформят по брендбуку «Адал азамат»

В новом учебном году в Восточном Казахстане еще 70 школ оформят по единому дизайн-коду брендбука «Адал азамат». Однако аким ВКО Нурымбет Сактаганов потребовал, чтобы...