ШҚО-да қашықтан оқып жатқан оқушылар саны 30 мыңға жуықтады

Шығыс Қазақстан облысында маусымдық инфекция жұқтырғандар санының көбеюіне байланысты онлайнға оқуға көшірілген сыныптар саны да артып келеді.
ШҚО білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 21 қарашадағы жағдай бойынша 107 мектептегі 1 504 сыныптың 27 610 оқушысы онлайн оқыса, 24 қарашада 111 мектептегі 1 614 сыныптың 29 479 оқушысы уақытша қашықтан оқуға көшірілген.
Оның ішіндегі 14 361-і маусымдық инфекция жұқтырған. Яғни, ауырған балалар саны артып келеді.
Облыста 381 балабақшада 27,4 мың бала білім алады. Мектепке дейінгі мекемелердегі науқастар саны – 5 874. Бүгінде барлық балабақшалар штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
— Білім ордаларында қашықтан оқытуға көшу сыныптағы оқушылардың 30%-дан астамының сырқаттанып қалғандығы медициналық анықтамамен расталған жағдайда қабылданады. Жалпы облыс мектептерінде оқу процесі барлық санитарлық талаптарға сәйкес ұйымдастырылған, — делінген ақпаратта.

Новые статьи

В ВКО и еще семи регионах Казахстана ожидаются снег и гололед

В ночные и утренние часы в Восточно-Казахстанской, Акмолинской, Алматинской, Павлодарской, Карагандинской и Северо-Казахстанской областях, а также в областях Абай и Жетысу прогнозируются дождь со...

ШҚО-дағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологтар Ново-Березов кен орнындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтады. ШҚО Экология департаментінің мамандары табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен Dengbo Success Minerals LTD компаниясына қатысты жоспардан...

В ВКО открыли бесплатную IT-школу с программой обучения на 18 месяцев

В Восточно-Казахстанской области расширяют возможности бесплатного обучения программированию и искусственному интеллекту. Жители от 15 лет могут освоить IT-навыки независимо от предыдущего опыта, а начинающие...

С 21 декабря в Казахстане изменится порядок подтверждения обязательств по утилизации отходов

Производители и импортеры, которые самостоятельно организуют сбор и переработку отходов, будут подавать документы непосредственно оператору расширенных обязательств производителей (РОП). Ранее заявления направляли в уполномоченный...