в

ШҚО-да цифрлық инфрақұрылымды жаңғырту жалғасуда

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов мәлім етті.

Шығыс Қазақстанда тұрғындарды сапалы интернетпен қамтамасыз ету жұмыстары белсенді жүргізілуде. Қазіргі таңда өңір тұрғындарының 97%-і желіге қосылған. Биыл тағы 56 ауыл интернетпен қамтылады, ал қалған 66 аз халықты елді мекен 2027 жылға дейін республикалық «Жол картасы» бойынша интернетпен қамтамасыз етілетін болады.

Сонымен қатар, республикалық маңызы бар жолдар бойында заманауи цифрлық инфрақұрылым құру жұмыстары жүргізілуде. Келесі жылы 22 антенналық-мачталық құрылысын салу жоспарлануда, бұл өңірде байланыс қамтылуын кеңейтіп, сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Шығыс Қазақстандағы спорт пен экология: жылдың жетістіктері