Шығыс Қазақстан тұрғындар мен бизнес үшін заманауи инфрақұрылым дамытуды жалғастыруда

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов мәлім етті.

Шығы Қазақстан облысын дамыту заманауи инфрақұрылымсыз мүмкін емес. Бүгінде өңір транспорт, коммуналдық және энергетикалық жүйелерді белсенді жаңартып, тұрғындар үшін ыңғайлы өмір мен бизнес үшін тиімді жағдайлар жасауда.

Осы жылы екі жаңа әуежай салынып жатыр, «Майқапшағай» және «Үбі» кедендік өткізу пункттері мен бес теміржол вокзалы жаңартылуда. Өткен жылдан бері Өскеменнен Мәскеу мен Новосібірге халықаралық рейстер орындалады, ал келесі жылдан бастап Қытайға жаңа әуе бағыты ашылады. «Өскемен – Алматы» бағыты бойынша талго теміржол рейсін іске қосуға дайындық жүргізілуде.

Арнайы көңіл автокөлік жолдарына аударылған: 2025 жылы 856 шақырым жол жөнделіп, 98 млрд теңге қаражат жұмсалды. «Талдықорған – Өскемен» және «Өскемен – Семей» жобалары аяқталды, «Өскемен – Рахман қайнарлары» және «Қалбатау – Майқапшағай» жобалары жүзеге асырылуда. Өскеменде екі жолайрық және Ертіс пен Үлбінің үстінен екі жаңа көпір салынып жатыр, бұл қаладағы өткізу қабілеті мен транзиттік әлеуетті арттырады. Келесі жылдан бастап «Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» трассасындағы Үбі өзеніндегі апатты көпірді қайта құру жұмыстары басталады.

Тұрғын үй инфрақұрылымы да дамуда: 2025 жылы 380 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі, оның ішінде 29 көпқабатты үйде 2,3 мың пәтер және «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша 350 пәтер салынады.

Инфрақұрылымды кешенді дамыту Шығыс Қазақстанды тұрғындары үшін жайлы, бизнес үшін тиімді заманауи өңірге айналдырады.

Новые статьи

Депутаты Курултая обсуждают проблемы пищевой отрасли в ВКО

В Усть-Каменогорске проходит одно из первых выездных заседаний депутатов нового Курултая. В центре повестки – поддержка отечественных производителей пищевой продукции, переработка сельхозсырья, экспорт и...

К 2028 году цифровая прослеживаемость охватит 80% энергоресурсов Казахстана

В Казахстане планируют расширить цифровой контроль за движением нефти и нефтепродуктов. Согласно стратегии Digital Qazaqstan, к 2028 году сквозная цифровая прослеживаемость должна охватить 80%...

ООН предупреждает: ИИ может заменить человека при принятии решений на поле боя

Искусственный интеллект уже сейчас широко используется на поле боя, а роль человеческого фактора в военных операциях стремительно сокращается. Об этом предупредил руководитель Института ООН...

Генсек ООН: протесты граждан по всему миру связаны с экономическими последствиями войн

Генеральный секретарь ООН Антониу Гутерриш в четверг осудил акты насилия, совершаемые в ходе протестов, которые охватили Европу и другие регионы. При этом он призвал не допустить, чтобы насилие...