в

Үржар ауданында 4 бала қаза болған жол апаты бойынша іс сотқа жолданды

Қылмыстық іс Абай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына түсті. ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша қаралатын процесс ашық түрде өтеді.
— Қазір материал алдын ала тыңдау сатысында. Негізгі сот отырыстарының уақыты әлі белгіленген жоқ. Судья процеске қатысты тек үкім жарияланғаннан кейін ғана пікір бере алады. Бұл сот ісін жүргізудің талаптарына сәйкес, — деп хабарлады соттың баспасөз қызметінен.
Алдын ала тыңдау барысында іс материалдары зерттеліп, тараптар тізімі анықталып, істі мән-жайы бойынша қарауға дайындық жүргізіледі. Сот отырыстарының кестесі бекітілгеннен кейін қосымша ақпарат ұсынылмақ.
Еске салсақ, қайғылы оқиға 19 тамыз күні болған. Күдікті жүргізуші дереу ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Первая атомная электростанция в Казахстане будет называться «Балхаш»

Жителей ВКО ждет снежный декабрь