в

ШҚО мектептерінде оқушылар әлі күнге дейін ескі мәзір бойынша тамақтанып жүр

Мектептегі тамақтану мәселесі Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұровтың ШҚО және Абай облысы кәсіпкерлерімен өткен кездесуінде талқыға салынды.

— Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен мәзір өңірлердегі ерекшеліктер мен нарықтағы нақты бағаларды ескермейді. Бір балаға бөлінетін 722 теңге жеткіліксіз. Ал мәзіріне енгізілген кейбір тағамдарды балалар жегісі келмейді. Соның салдарынан кәсіпкерлер табыс таппай, керісінше шығынға батады, — деді Бөлшек сауда және қоғамдық тамақтану қауымдастығының төрағасы Марина Лаптева.

Оның айтуынша, Шығыс Қазақстанда жаңа мәзір әлі бекітілмеген. Ал өзге өңірлерде жаңа нормалар енгізіліп, олардың тиімділігі бағаланып жатыр. Кездесуге қатысушылар мәселе қыркүйектен бері талқыланып келе жатқанын, бірақ әлі нақты шешім жоқтығын жеткізді.

Бизнес өкілдері өңірдегі ерекшеліктер мен маусымдық өнімдерді ескеру үшін өзара алмастырылатын азық-түлік тізімін кеңейтуді ұсынды.

Бизнес-омбудсмен Қанат Нұров бұл мәселе қағаз жүзінде емес, нақты іспен шешілуі қажеттігін айтты.

— Кәсіпкердің дамуына жағдай жасау — басты міндетіміз. Ол бюрократиямен емес, іспен айналысуы керек. Көтерілген барлық сұрақ қаралып, әрқайсысы бойынша нақты шешім қабылданады, — деді ол.

В Казахстане отмечен рост валовой продукции сельского хозяйства на 5,4%

В Казахстане 80 вокзалов будут сданы в эксплуатацию в этом году