в

Катонқарағай ауданында жұмыс істеуге Астана мен Шымкенттен 7 дәрігер келді

Источник фото: министерство здравоохранения РК

Ауылдарда халық санын азайтпас үшін өмір сапасын жақсарту қажеттігі белгілі. Осы ретте медицина қызметтерінің қолжетімді болуының маңызы зор. Катонқарағай ауданында дәрігер тапшылығы мәселесін шешу үшін басқа қалалардан мамандар тартылып жатыр.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың тапсырмасымен шалғайдағы аудандарға дәрігер мамандарды тарту бағдарламасы аясында Астана, Шымкент қалаларынан аудандық ауруханаға 7 маман жұмысқа келді.

Хирург, терапевт, акушер-гинеколог, жалпы тәжірибелік дәрігер, көз, реаниматолог дәрігерлер аудан медицинасының әлеуеті мен тұрғындар санының артуына үлес қосты. Мемлекеттік қолдау шараларынан бөлек, ақ халаттылар жергілікті әкімдік тарапынан тұрғын үймен қамтылды. Бұдан бөлек, биылғы қазан айында Шымкент қаласында өткен «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесінің нәтижесінде Шымкенттен 68 отбасы, Сарыағаш ауданынан 24 отбасы Катонқарағайға көшіп келуге ниет білдіріп отыр.

Жалпы 2025 жылы қоныс аудару бағдарламасымен еңбек күші артық өңірлерден Катонқарағайға аймақтық квота шеңберінде 9 отбасы, барлығы 24 адам қоныс аударған.

С начала года более 150 студентов колледжей приняли участие в программах академической мобильности за рубежом

«Бiлiктi маман» — проект ВКО дает молодежи шанс выбрать своё «завтра»