«Өскемен-Шемонаиха» бағытындағы жолда патрульдік полиция батальоны қызметкерлеріне жолда келе жатқан жүргізуші көмек сұрап жүгінген. Ер адам көлігінде ес-түссіз жатқан бала бар екенін хабарлап, оны жақын маңдағы медициналық мекемеге тез арада жеткізуге көмектесуін сұраған.
— Полиция қызметкерлері уақыт жоғалтпай арнайы сигналдарын қосып, жол бойында көліктің кедергісіз өтуін қамтамасыз етті. Қызметкерлердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында бала ауруханаға тез жеткізілді және қажетті медициналық көмек көрсетілді, — делінген облыстық ПД таратқан ақпаратта.
Баланың әкесі полицейлерге жылдам әрекет етіп, көмек көрсеткендері үшін алғысын білдірді.


