в

Ұлан ауданында өртенген үйден 2 бала құтқарылды

Источник фото: МЧС РК

Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кентіндегі Аманжолов көшесі бойында орналасқан бесқабатты үйде өрт шыққан.
— 4-ші қабатындағы пәтер жанып жатты. Сол кезде Өскемен қаласындағы №3 өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі Қанат Қапанов жұмыстан тыс уақытта жақындарының үйінде болған. Көрші пәтерден түтінді байқаған ол дереу көмекке ұмтылып, іштен 2 баланы аман алып шықты. Содан кейін түтін басқан подьезден тұрғындарды эвакуациялауға көмектесті, — деп хабарлады ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Өрт сөндірушілер келгенге дейін қауіпті аймақтан 80 адам өз бетінше шығып үлгерді. Ал ТЖД қызметкерлері 4 адамды, соның ішінде 2 баланы эвакуациялады.
Көп ұзамай жалпы ауданы 45 шаршы метрді құраған қызыл жалын ауыздықталды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Леса планеты под серьезной угрозой из-за изменения климата

Президент Казахстана прибыл с визитом в Вашингтон