Шығыс Қазақстанда ертең қар жауып, көктайғақ болады

«Қазгидромет» РМК ШҚО филиалының мәліметіне сүйенсек, 6 қарашада облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең өңірдің шығысында тұман болады.

— Жел оңтүстік-батыстан соғады. Түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жел жылдамдығы секундына 15-20 метрді құрайды, — делінген ақпаратта.

Осы ретте, халыққа алыс жолға шықпау қажеттігі ескертілді.

— Мүмкіндігінше елді мекендерден шықпаңыздар. Егер шығу қажет болса, жолдардың жай-күйі туралы ақпаратты нақтылаңыз. Жолда жылдамдық режимі мен көліктер арасындағы арақашықтықты сақтаңыз, — делінген хабарламада.

Новые статьи

В ВКО и еще семи регионах Казахстана ожидаются снег и гололед

В ночные и утренние часы в Восточно-Казахстанской, Акмолинской, Алматинской, Павлодарской, Карагандинской и Северо-Казахстанской областях, а также в областях Абай и Жетысу прогнозируются дождь со...

ШҚО-дағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологтар Ново-Березов кен орнындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтады. ШҚО Экология департаментінің мамандары табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен Dengbo Success Minerals LTD компаниясына қатысты жоспардан...

В ВКО открыли бесплатную IT-школу с программой обучения на 18 месяцев

В Восточно-Казахстанской области расширяют возможности бесплатного обучения программированию и искусственному интеллекту. Жители от 15 лет могут освоить IT-навыки независимо от предыдущего опыта, а начинающие...

С 21 декабря в Казахстане изменится порядок подтверждения обязательств по утилизации отходов

Производители и импортеры, которые самостоятельно организуют сбор и переработку отходов, будут подавать документы непосредственно оператору расширенных обязательств производителей (РОП). Ранее заявления направляли в уполномоченный...