ШҚО экологтары екі қаладағы өндіріс орындарында экологиялық талаптардың бұзылғанын анықтады

Облыстық экология департаментінің мәліметіне сүйенсек, мамандар Риддер және Алтай қалаларындағы «Казцинк» ЖШС-не қатысты жоспардан тыс 4 тексеру жүргізді.

— Соның барысында Риддер қаласындағы кен-байыту комбинатында және Тишин кенішінде экологиялық рұқсат талаптарының бұзылғаны белгілі болды. Атап айтқанда, қалдық қоймасының бөгетін бекіту және бос қуыстарды толтыру кезінде технологиялық талаптар сақталмаған. Соның салдарынан бөгет етегінен қалдықтардың жайылып, жер бедеріне таралуы тіркелді. Сондай-ақ байыту фабрикасы мен Тишин кенішінің аумағында су айдындарына рұқсатсыз ағызулар жасалғаны анықталды, — делінген ақпаратта.

Ал Алтай таласындағы өндіріс орнында технологиялық жолдың бойында қорғаныс үйінділері жасалмағандықтан, сарқынды сулар айналаға төгіліп жатқан. Сонымен қатар, шаңды басу бойынша жұмыстар да жүргізілмеген.

Тексеру нәтижелері бойынша экологтар компанияға заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама беріп, қолданыстағы экологиялық заңнамаға сәйкес әкімшілік айыппұлдар салды.

Новые статьи

В ВКО и еще семи регионах Казахстана ожидаются снег и гололед

В ночные и утренние часы в Восточно-Казахстанской, Акмолинской, Алматинской, Павлодарской, Карагандинской и Северо-Казахстанской областях, а также в областях Абай и Жетысу прогнозируются дождь со...

ШҚО-дағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологтар Ново-Березов кен орнындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтады. ШҚО Экология департаментінің мамандары табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен Dengbo Success Minerals LTD компаниясына қатысты жоспардан...

В ВКО открыли бесплатную IT-школу с программой обучения на 18 месяцев

В Восточно-Казахстанской области расширяют возможности бесплатного обучения программированию и искусственному интеллекту. Жители от 15 лет могут освоить IT-навыки независимо от предыдущего опыта, а начинающие...

С 21 декабря в Казахстане изменится порядок подтверждения обязательств по утилизации отходов

Производители и импортеры, которые самостоятельно организуют сбор и переработку отходов, будут подавать документы непосредственно оператору расширенных обязательств производителей (РОП). Ранее заявления направляли в уполномоченный...