ШҚО-да ауа сапасы нашарлаған кезде жедел шаралар қабылдау үшін тиісті алгоритм әзірленбек

ШҚО-да ауа сапасы нашарлаған кезде жедел шаралар қабылдау үшін тиісті алгоритм әзірленбек

Бүгін облыс әкімдігінде Өскемендегі экология мәселесі бойынша жиналыс өтті. Оған аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов қатысты.
Баяндама жасаған ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Арман Есентаевтың айтуынша, экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында мониторинг жүйесі алынбақ. Мемлекеттік сатып алу порталында құны 498,5 млн теңге болатын жүйені сатып алу туралы хабарландыру жарияланған. Келісімшарт қол қою кезеңінде тұр.
— Экология департаментін мобильді зертханамен қамтамасыз ету мәселесі шешімін тапты. Бұл мақсатта «Халық банкі» АҚ мен «Топан» ЖШС арасында осы жылдың 17 шілдесінде құны 65,5 млн теңге болатын арнайы жабдықталған ГАЗель базасындағы экологиялық мониторинг жүргізуге арналған жылжымалы станция сатып алуға келісімшарт жасалды. Қажетті төлемдер толық жүргізіліп, қазір станция жинақталу сатысында. Қараша айында Өскеменге жеткізіледі деп жоспарланып отыр, — деді А.Есентаев.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, 2026-2028 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау мақсатындағы іс-шаралар жоспары әзірленген. Сол жоспарда барлығы 27 шара қарастырылған.
Сондай-ақ жиын барысында қала әкімінің орынбасары Ирина Смит, «Өскемен тынысы» экологиялық қорғау бюросының жетекшісі Елена Березинская-Абилова атқарылып жатқан жұмыстар жайлы баян етті.
— Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде жедел шаралар қабылдау үшін тиісті жұмыс алгоритмін әзірлеу керек. Халыққа дер кезінде ақпарат таратып, түсіндіру жұмыстарын жүргізіңіздер, — деп тапсырды Нұрымбет Сақтағанов.

Новые статьи

В ВКО и еще семи регионах Казахстана ожидаются снег и гололед

В ночные и утренние часы в Восточно-Казахстанской, Акмолинской, Алматинской, Павлодарской, Карагандинской и Северо-Казахстанской областях, а также в областях Абай и Жетысу прогнозируются дождь со...

ШҚО-дағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологтар Ново-Березов кен орнындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтады. ШҚО Экология департаментінің мамандары табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен Dengbo Success Minerals LTD компаниясына қатысты жоспардан...

В ВКО открыли бесплатную IT-школу с программой обучения на 18 месяцев

В Восточно-Казахстанской области расширяют возможности бесплатного обучения программированию и искусственному интеллекту. Жители от 15 лет могут освоить IT-навыки независимо от предыдущего опыта, а начинающие...

С 21 декабря в Казахстане изменится порядок подтверждения обязательств по утилизации отходов

Производители и импортеры, которые самостоятельно организуют сбор и переработку отходов, будут подавать документы непосредственно оператору расширенных обязательств производителей (РОП). Ранее заявления направляли в уполномоченный...