в

Өскемендіктерге қаладағы экологиялық жағдайдың нашарлағаны туралы ескерту жаcалды

Қазіргі уақытта Өскемен көшелерін қою тұман басқан. Бұған ылғалдың жоғары болуы, түнгі жауын-шашын мен температураның күрт өзгеруі себеп болып отыр. Бұл туралы ШҚО Ақпарат орталығынан хабарлады.

— Тұман салдарынан жүргізушілерге жол дұрыс көрінбейді. Сондай-ақ автокөліктер мен өнеркәсіптік кәсіпорындардан шығатын қалдықтардың бір жерде шоғырлану деңгейі артуы мүмкін, — делінген мәліметте.

Айта кетейік, 23 қазанда шаһар бойынша 2-дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдай жарияланған.

ШҚО Экология департаментінің мамандары ауа сапасына аспаптық өлшеу жұмыстарын жүргізу үшін бірнеше өндіріс орнына жолға шықты.

Өскемендегі қолайсыз метеожағдай күндері «Казцинк» өндіріс қуатын азайтты

Женщины Восточного Казахстана успешно реализуют себя в бизнесе