Н.Назарбаев даңғылындағы «Валентина» сауда үйінің аумағында жаяу жүргіншілер қозғалысы өзгерді. Бүгіннен бастап Добролюбов көшесімен қиылыстағы жаяу жүргіншілер өткелі алынып тасталған.
Мұндай шешім Назарбаев даңғылында жаңадан орнатылған бағдаршам іске қосылғаннан кейін қабылданып отыр.
— Аталған учаскеде жаяу жүргіншілерге арналған бағдаршам орнатылды. Сондықтан Добролюбов көшесі маңындағы өткелді алып тастау туралы шешім қабылданды, — деп хабарлады Өскемен қалалық полиция басқармасынан.
Айта кетейік, тротуарда «Жаяу жүруге тыйым салынады» деген белгілер қойылған. Алайда қала тұрғындарының айтуынша, белгілер тым биік орналасқан және қоршаулары жоқ. Сондықтан кейбір адамдар бұрынғыша жолға шығып кетіп жатыр.