Шығыс Қазақстанда аса ауыр қылмыстар саны азайды

Шығыс Қазақстан облысында Полиция департаментінің бастығы Ерлан Омарбековтың төрағалығымен жедел кеңес өтті. Жиын барысында осы жылдың тоғыз айындағы жедел-қызметтер жұмысының қорытындылары шығарылып, алдағы уақыттағы басым міндеттер айқындалды.

Белгілі болғандай, есепті кезеңнің қорытындысы бойынша аса ауыр қылмыстардың тіркелуі 55,6%-ға, ал онша ауыр емес қылмыстар 11,5%-ға төмендеген. Сондай-ақ қарақшылық, ұрлық, пәтер тонау деректері де азайған. Қоғамдық орындар мен көшелердегі құқық бұзушылықтар да сирегені байқалады.

— Басты міндетіміз — азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Біз тек заңбұзушылықтарға дереу әрекет етіп қана қоймай, қоғамда полицияға деген сенім мен заңға құрмет сезімін қалыптастыруымыз қажет, — деді Ерлан Омарбеков.

Жыл басынан бері жол-көлік оқиғаларының саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 37,6%-ға артқанымен, қаза болғандар саны азайған. Осыған байланысты облыстың бас полицейі трассаларда патрульдеуді күшейтуді, патрульдік полицейлердің санын арттыруды, патрульдеу маршруттарын қайта қарауды және жол қозғалысын бақылаудың цифрлық технологияларын, оның ішінде автоматты тіркеу жүйелерін белсенді түрде енгізуді тапсырды.

Кеңесте жастарға құқықтық тәрбие беру мәселелері де көтерілді.

— Заңға құрметті бала кезден бастап қалыптастыру қажет. Жауапкершілік пен белсенді азаматтық ұстанымды тәрбиелеу мектеп қабырғасынан басталуы тиіс, — деді департамент бастығы.

Новые статьи

Розничная торговля в Казахстане выросла на 4,5% за девять месяцев

В январе–сентябре 2026 года объем розничной торговли в Казахстане достиг 20 048,8 млрд тенге. Это на 4,5% больше, чем за аналогичный период прошлого года. Рост...

Семерых граждан РК обвиняют в мошенничестве на 413 млн тенге и организации ОПГ

В Астане завершили расследование уголовного дела в отношении семи человек, которых обвиняют в мошенничестве в составе организованной преступной группы. По данным прокуратуры столицы, от...

В Усть-Каменогорске камеры видеонаблюдения зафиксировали подростков, распивающих алкоголь

В Усть-Каменогорске камеры Центра оперативного управления полиции зафиксировали, как четверо подростков распивали пиво во дворе жилого дома на улице Егорова. В отношении законных представителей несовершеннолетних...

Генеральный секретарь ИКАО оценил работу Авиационной администрации Казахстана

Генеральный секретарь Международной организации гражданской авиации (ИКАО) Хуан Карлос Саласар посетил Авиационную администрацию Казахстана (ААК) в рамках своего первого официального визита в страну. Его...