в

Өскеменде полицейлер бір нөмірмен жүрген екі «Альфардты» анықтады

 

Өскемен қаласында тәртіп сақшылары бір мемлекеттік тіркеу нөмірімен жүрген 2 Toyota Alphard автокөлігін анықтаған. Бірінші көлікті 29 қыркүйек күні тоқтатқан. Сол кезде тәртіп сақшылары ер адамның жүргізуші куәлігінің және сақтандыру полисінің жоқ екенін анықтап, автокөлік арнайы тұраққа қойылған болатын.

— 21 қазан күні «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы барысында дәл сол мемлекеттік нөмірмен жүрген тағы бір Toyota Alphard полицейлердің назарына түскен. Тексеру кезінде бұл көліктің кузовының сәйкестендіру нөмірі (VIN) көрсетілген мемлекеттік нөмірге сәйкес келмейтіні анықталды. Көлік жалған тіркеу нөмірлерін пайдаланғаны үшін арнайы тұраққа қойылды, — деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінен.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде.

В стране около 100 школ были оформлены в едином дизайне

Шығыс Қазақстанда аса ауыр қылмыстар саны азайды