ШҚО-да әлеуметтік нысандардың құрылысына бөлінген 2 млрд теңгенің жымқырылуына байланысты тергеу жүргізіліп жатыр

Қаржылық мониторинг агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Шығыс Қазақтан және Абай облыстарындағы 7 ауданда салынуы керек болған 11 әлеуметтік нысанға бөлінген бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген «QazConstructions» ЖШС басшылығына қатысты алдын ала тергеу жүргізуде.

Тергеу деректеріне сүйенсек, күдіктілер арасында Күршім аудандық мәслихатының депутаты, компанияның бұрынғы директорының орынбасары да бар. Әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға бөлінген қаржы кәсіпорындар арқылы қолма қол ақшаға айналдырылған.

Соның салдарынан төрт дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен 20 мыңнан астам тұрғыны бар 7 ауылды ауызсумен қамтамасыз етуге арналған су жүйелері құрылысы аяқталмай қалған. Келтірілген шығынның жалпы сомасы — 2 млрд теңге.

Жымқырылған қаржыға Астанадан қымбат пәтерлер, Lamborghini Urus, Cadillac Escalade, Mercedes сынды қымбат көліктер және сирек тұқымды жылқылар сатып алынған. Сот шешімімен барлық мүлікке шектеу қойылды.

Ал екі күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде екі айға қамауға алу шешімі қабылданды. Тергеу әлі де жалғасып жатыр.

Новые статьи

Зачем импортировать скот, если свой уже дает 12 тысяч литров молока?

В животноводстве, по мнению аграриев, государственная поддержка также не всегда соответствует задачам развития отечественного производства. В качестве примера руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев привел результаты...

В Казахстане ограничат выезд за рубеж при налоговом долге свыше 27 000 МРП

С 1 октября 2026 года в Казахстане действует дополнительная мера взыскания налоговой задолженности – временное ограничение на выезд из страны. Она распространяется на индивидуальных...

В селе Жаңалық Тарбагатайского района открыли новый медицинский пункт

В селе Жаңалық Тарбагатайского района 23 октября открыли новый медицинский пункт. Объект начал работу накануне Дня Республики и призван повысить доступность первичной медицинской помощи...

Некачественные семена и пестициды бьют по репутации страны

Отдельную тревогу вызывает контроль за ГМО и средствами защиты растений. руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев утверждает, что из-за недостаточных фильтров на рынок попадает семенной...