в

ШҚО-да «Алтай – Түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық конференциясы өтті

Шығыс Қазақстан облысындағы Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ-да «Алтай – Түркі әлемінің алтын бесігі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Оған аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов, зиялы қауым өкілдері мен ғалымдар қатысты.

Конференция басталмас бұрын жиналғандар ШҚО Мәдениет басқармасының облыстық тарихи-өлкетану музейінің бірегей жәдігерлерінен жинақталған «Ұлы дала алтыны» көрмесін, «Тамыры терең Алтай – Түркі жұртының негізі» кітап көрмесін тамашалады.

— Шығыс Қазақстан — кең байтақ еліміздің інжу-маржаны, көне тарих куәгері, түркі мәдениетінің алтын қазығы. Бүгінгі конференция облысымыздың халықаралық дәрежеде танылуына зор үлес қосады деп ойлаймын. Себебі ғылыми іс-шараға елімізден ғана емес, әлемнің әр тарапынан беделді ғалымдар жиналып, ғылыми пікірлерін ортаға салды, — деді облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Айта кетейік, пленарлық отырыста белгілі қазақстандық археолог, профессор Зейнолла Самашев, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Задаш Дүкенбаева, Италияның Генуя университетінен келген профессор Диана Спульбер және Түркияның Мугла Ситки Кочман университетінің профессоры Мехмет Өзтүрк баяндама жасады.

В Казахстане запущен онлайн-сбор предложений по парламентской реформе

Переход от поляризации к партнерству и восстановление доверия к международной системе обсуждают эксперты в Астане